"Жігіт сұлтаны" сайысы

Отан қорғаушылар мерекесіне арналған 9-10 жасар оқушылар арасында сырттай   «Жігіт сұлтаны» сайысы өткізілді . 
Мақсаты:
1. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру.
2. Әр баланың бойындағы қабілеттерін : ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту.
3. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Байқауға қатысатындар: 3 -сынып оқушылары   Қатысушыларды бағалауда олардың өз – өзін ұстауы, әртістік өнері, білімі, киім үлгілері ескерілді.
    Сайыс қорытындысы бойынша өзгелерден озық деп танылған  І орын Серік Арслан  , ІІ орын Жаңалы Рахат ие болды .
   Ауданда мектеп намысын Серік Арслан қорғап ІІ орынға ие болды . 
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да биік шындардан көріне берулерін тілейміз!!!